×

«ҚазАвтоЖол» 70 мыңға жуық автожүргізушіге 38 млн теңге қайтарады

Бұл тек Қарағанды облысы бойынша

«ҚазАвтоЖол» 70 мыңға жуық автожүргізушіге 38 млн теңге қайтарады
gov.kz

Қарағанды көлік прокуратурасы ақылы автомобиль жолдарымен жүру негіздері туралы жария шартта автокөлік жүргізушілерінің құқықтарына қайшы келетін талапты анықтады,    деп хабарлайды Qaz365.kz

Атап айтқанда, жедел жол қызметтерін тұтынушылар көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстырған жағдайда пайдаланылмаған төлемдерді қайтара алатын тармақ болмаған.

Бүгінгі таңда тиісті түзетулер енгізіліп, ақпарат беру мақсатында «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның ресми сайттарында орналастырылды. 

"Жалпы, прокуратураның талдауы Қарағанды облысы бойынша 69 мың автокөлік жүргізушісіне 38 млн теңгеден астам сомаға аванстық төлемдер қайтарылмағанын көрсетті. 


Прокуратураның араласуынан кейін ғана тұтынушылардың мүліктік құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

 

Сондай-ақ, Ұлттық оператордың мүдделерін қорғау өте әлсіз жүргізілгені анықталды, себебі осы қызметтерді 138 мың тұтынушының 3 жыл ішінде жалпы сомасы 50 млн теңгеге берешегі жинақталғаны белгілі болды”, – дейді прокуратура хабарламасында.

Прокуратураның айтуынша, көбінесе мұндай адамдарға қатысты материалдар ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін уақытылы төленбеу белгілері бойынша оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында Көліктік бақылау инспекциясына жолданбаған.

Прокуратураның актісі бойынша «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының басшылары жол ақысын төлемеген автокөлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларынан алшақтатқаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

Аталған жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілетін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →