×

Жамбыл облысында тұрғын Tik-Tok желісіндегі видеосы үшін сот алдында жауап берді

Tik-Tok желісінің қолданушысы көрінеу жалған ақпарат таратқан.

Жамбыл облысында тұрғын Tik-Tok желісіндегі видеосы үшін сот алдында жауап берді

Мойынқұм аудандық сотында ар-намысты қорғау туралы іс тыңдалды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Сот өкілдерінің мәліметінше, Мойынқұм аудандық сотында А .есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың 73-3-бабы, 2-бөлігі «Жала жабу» бойынша әкімшілік іс қаралды.

«2023 жылдың қазанында А. есімді азамат Tik-Tok әлеуметтік желісінде видеожазба жариялап, С. есімді зардап шегушіні жеңіл жүрісті қыз деп айтқан. Сол арқылы оның ар-намысына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан», - деп хабарлады Жамбыл облыстық соты баспасөз қызметі.

Істі қарау кезінде А. кінәсін толықтай мойындап, ісіне өкінді. Зардап шеккен қыз оны кешіріп, істі тоқтатуды сұрады.

Сот бұйрығымен А. әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, екі тарап татуласқандықтан іс тоқтатылды.

Бұйрық заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →