×

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестірілуде

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестірілуде
gov.kz

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестірілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде: ерлер – 1476; әйелдер – 142.

Іздестіруде жүргендердің көбі 31 мен 40 жас аралығындағы азаматтар.

 

 

"2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы).

Анықтама ретінде: Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген”, – дейді хабарламада.

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп бөлігі мына аймақтарда тіркелген:

  • Маңғыстау – 46;
  • Алматы (обл.) – 45;
  • Қостанай – 44;
  • Шығыс Қазақстан – 43;
  • Павлодар – 40;
  • Қарағанды – 35;
  • Абай – 32;
  • Ақмола – 26;
  • Солтүстік Қазақстан-21;
  • Астана қаласы – 17.

"Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.

4 - бас бостандығынан айырылды,

2 - шартты түрде сотталды,

196 - бас бостандығы шектетілді,

5 - қоғамдық жұмыстарға тартылды”, – деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.

Бас прокуратураның мәліметінше, бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіріп алынады.

291 886 атқарушылық іс - балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша;

773 атқарушылық іс - еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға;

4 506 атқарушылық іс - еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын)  күтіп-бағу өндірістері болды.

Мәлімет үшін, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz порталында («алимент бойынша борышкерлерді іздестіру» бөлімінде - тұлғаның тегі, аты-жөні) азаматтар, алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер болып табылатын тұлғаларды іздестіру есебінде болуын тексере алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →