×

Трансплантациялау үшін адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ұсталғандар ішінде ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар бар

Трансплантациялау үшін адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Qaz365.kz коллажы

Алматы облысының полиция департаменті прокуратураның үйлестіруімен адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерімен 22 фигурант (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар) жеткізілді. Олар реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттарды ресімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен.

“Келісім сомасы 6-10 миллион теңгені құрады, осындай сегіз факт анықталды. Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды. Іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдіктілерден ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес трансплантациялау кезінде адам ағзалары мен тіндерін алып-сатуға тыйым салынады. ҚР ҚК-нің 116-бабы бойынша “Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою” сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – дейді полиция департаментінің хабарламасында.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →