×

Талдықорғанда екі мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды

«Жастар-2» шағын ауданында 22 шақырымға газ құбырын тарту үшін 295 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Талдықорғанда екі мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды

Республика күні қарсаңында Талдықорған қаласындағы «Жастар-2» шағын ауданына газ берілді. Енді мұндағы екі мыңнан астам тұрғын көгілдір отынның игілігін көретін болады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов пен қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, жұртшылықты қуаныштарымен құттықтады.

Әсет Қанағатов тұрғындарды облыс көлемінде атқарылып жатқан газдандыру шаралары жайлы хабардар етті.

Өз кезегінде қала әкімі жаңа шағын ауданның инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына кеңінен тоқталды.

«Жастар-2» шағын ауданында 22 шақырымға газ құбыры тартылып, оған 295 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. 2022 жылы құрылыс жұмыстарын бастаған «Рем строй» ЖШС бүгінде жобаны толық аяқтады. Сөйтіп, 526 абоненттің газға қосылуына мүмкіндік жасалып отыр. 2025 жылға дейін қаланың барлық аймағына газ тарту жоспарланған. Жалпы «Жастар-2» тұрғын үй алабының инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Атап айтқанда, мұнда 21 шақырымға ауызсу құбыры тартылып, бүгінде тұрғындар 100% ауызсумен қамтылып отыр», – деді Ернат Бәзіл. 

Оның айтуынша, тұрғын үй алабын абаттандыру мақсатында 16 көшеде заманауи үлгідегі 514 жарық бағаны орнатылған. Бұдан бөлек, жолдың сапасын жақсарту үшін 13 көшенің 11,2 шақырымына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сол сияқты Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы аясында тұрғын үй алабында 900 орынды мектеп құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, келер жылы құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Сонымен қатар жыл соңына дейін «Ынтымақ» жеке тұрғын алабының 9500-ге жуық тұрғыны және Талдықорған қаласының ішінде қалған учаскелердегі 585 тұрғын газға қол жеткізсе, келесі жылы Мойнақ ауылына газ құбыры тартылып бітуі тиіс.

Ертең Қаратал ауданында Кәлпе және Оян ауылдарына газ беріліп, олардағы 700 үй көгілдір отынның игілігін көретін болады.

2025 жылға дейін Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі елді мекендер толық газдандырылуы тиіс. Ал 2030 жылға қарай өңірді газдандыру 100%-ға жетеді немесе 192 елді мекенді қамтылады деп межеленіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →