×

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясына ие болды

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясына ие болды

Танымал әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген халықаралық «Болашақ» стипендиясына ие болды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссия шешімімен биылғы халықаралық стипендия 178 адамға тағайындалды.

Оның ішінде 60 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 8 адам докторантурасына түсті. Сондай-ақ, 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

Аталған стипендияға ие болғандардың тізімінде белгілі әнші Димаш Құдайберген де бар. Бірақ қандай оқу орнына түскені белгісіз.

Айта кетсек, «Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 елінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Енді басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Жасанды интеллект министрлігі құрылады
Кеше, 11:25

Қазақстанда Жасанды интеллект министрлігі құрылады

Президент үш жылдың ішінде Қазақстан ифрлық ел болуы керегін айтты
Президенттің Қытайға сапарының қорытындысы бойынша Қазақстанға тағы миллиардтаған инвестиция құйылады
Бүгін Алматының 350 мыңнан астам оқушысы үшін алғашқы қоңырау соғылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →