×

Жас ғалымдарға баспана алу үшін жеңілдетілген несие беріледі

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Жас ғалымдарға баспана алу үшін жеңілдетілген несие беріледі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимовамен бірге жас ғалымдарға жеңілдетілген несие берудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл келісім Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысында берілген Мемлекет басшысының  тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге аспақ. 

Несие берудің бағдарламасына министрлікке ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, кемінде 3 жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілімен магистр дәрежесі бар және тұрғын үйге мұқтаж 40 жасты қоса алғанға дейінгі жас ғалымдар қатыса алады. 

«Бұл өз кезегінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің жас ғалымдарға көрсеткен көмегі. Отандық ғылымды дамытуға сүбелі үлесіп қосып жатқан жас ғалымдарды мемлекет қашанда қолдауға әзір екендігін жеткізгім келеді», – деді Саясат Нұрбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Англияда тазалықшы болып айына 1,5 млн теңге таптым – мұғалімнің ерекше оқиғасы
Бүгін, 19:21

Англияда тазалықшы болып айына 1,5 млн теңге таптым – мұғалімнің ерекше оқиғасы

Гүлшат шетелге бармас бұрын еңбек ететін жерді әбден зерттеп алуға кеңес береді
Қазір тиісті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жаңа оқу жылына 500 грант бөлді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →