×

Түркістан облысында зорланған оқушылар саны 15-тен астам болуы мүмкін

Адвокат Айман Омарова Отырарда ер адам бірнеше баланы жаппай зорлағанын мәлімдеді.

Түркістан облысында зорланған оқушылар саны 15-тен астам болуы мүмкін
ашық дереккөзден

Түркістан облысы Отырар ауданында балабақша қызметкері зорлық көрсеткен бастауыш сынып оқушыларының саны 15-тен астам болуы мүмкін, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, оның 14-і қыз бала, 1-уі ұл көрінеді.

«Бізге алғашында 3 қыз зорлық көрді деген ақпарат келіп жеткен болатын. Енді олардың саны 15-ке жетті деген мәлімет келді. Зорлық құрбандарының саны одан да көп болуы мүмкін. Күдіктіні ұстапты. Бұл видеоүндеуді біз Бас прокуратураға жолдап отырмыз. Барып тексерулерін сұраймыз. Себебі кей ата-ана арыз жазғысы келмей отыр екен. Өйткені істі жауып тастай ма деп қорқады», – деді адвокат тікелей эфир кезінде.

Қорғаушының мәліметінше, оқушылардың жаппай зорлануы туралы «One-Stop-Service» жобасына Түркістан облысының тұрғындары хабарласып айтқан. Олардың жасы 5-10 жас аралығында екен.

Ал заңгер Ләззат Ракишеваның айтуынша, қазіргі таңда күдіктімен көрші тұратын  көптеген ата-ана кішкентай қыздарын жаппай гинекологқа тексертіп жатыр екен. Сондықтан зорлық құрбандарының саны 15-тен көп болуы мүмкін.

«Күдікті балабақшада от жағушы (кочегар) боп істейді екен. Жазда дәл осы адамның үстінен зорлық-зомбылық бойынша бір арыз жазылыпты. Бірақ неге іс қозғалмағаны белгісіз», – деді Ләззат Ракишева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →