×

Халықтың несиесін кешірген дұрыс болмады – депутат

Әрбір адам несие аларда оны қайтара алу мүмкіншілігін сынауы керек

Халықтың несиесін кешірген дұрыс болмады – депутат
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Несие кешіру азаматтарға теріс ықпал берді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Президенттің бастамасымен 500 мың адамның қарызын кешірілді. Алайда, ақпараттарға сүйенсек,  несиесі кешірілген адамдар, сол айда келіп қайта несие алуда. Қазір несиемізді қашан кешіреді екен деп күтіп жүрген адамдар да пайда болды. Сондықтан несие кешіру халқымызға теріс ықпал берді. Қарыз алғаннан кейін оны қайтару керек», – деді депутат.

Депутаттың сөзінше, қарыз алудың өзіндік мәдениеті бар. Әрбір адам несие аларда оны қайтара алу мүмкіншілігін сынауы керек.

«Егер жылдан-жылға қарызды кешіре берсек, ешкім қарыз қайтармайтын болады. Сондықтан ондай жағдайға әкелмеу керек, бұл дұрыс емес»,– деді Берік Бейсенғалиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →