×

Алматы тауларында туристік ақпараттық тақтайшалар орнатылды

Сондай-ақ бұл орындарда бағыттың ұзақтығы және өту уақыты туралы көрсеткіштер орнатылған

Алматы тауларында туристік ақпараттық тақтайшалар орнатылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іле-Алатау ұлттық саябағының 10 тау бағыттарында туристердің қауіпсіздігін және хабардар болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тауларда табиғатты сақтауға арналған үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жаңа ақпараттық тақтайшалар пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Almaty Tourism Bureau басшысы Камила Лұқпанова «Біз тау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудара отырып, туристік тәжірибені жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Орнатылған тақтайшалар туристерді бір мезгілде хабардар етеді және экологиялық жауапкершілікке шақырады. «Табиғатты қорғаңыз және үйге жағымды әсерлермен оралыңыз!» «Make earth green to keep it clean!», «Өзіңізден кейін, тазалықты сақтағаныңыз үшін рахмет!», «Our climate is changing; why aren’t we?» – тау әуесқойлары үшін табиғи байлыққа ұқыпты қарау туралы еске салып тұрады», – деп атап көрсетті.

Ақпараттық тақтайшалар шағылыстырғыш жабынмен қапталған металл тақтайшалардан тұрады. Олар вандализмге төзімді сенімді қондырғылармен жабдықталған және мына бағыттарға орнатылған:

● Бутаковка шатқалы

● Кімасар шатқалы

● «Горельник» кемпинг аймағы

● Кіші Алматы шатқалы (Медеу)

● Кіші Алматы шатқалы (Ақбұлақ)

● «Қайың тоғайы» кемпинг аймағы

● Үлкен Алматы шатқалы (ГЭС-2)

● Проходное шатқалы

● Казачка шатқалы

● «Казачка» кемпинг - аймағы

Сондай-ақ, бұл орындарда бағыттың ұзақтығы және өту уақыты туралы көрсеткіштер орнатылған. Almaty Tourism Bureau таулы жорықтар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады, сондай-ақ демалушылардан табиғатқа ұқыпты қарауды, тауда қоқыс қалдырмауды сұрайды, өйткені тазалықтың сақталуы туристердің өздеріне байланысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Кеше, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →