×

“Арыз жазам деп жатыр еді”: Алматы-Шелек-Қорғас тас жолындағы бетондардың арасындағы пенопласты алып тастаған

Бұл туралы Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

“Арыз жазам деп жатыр еді”: Алматы-Шелек-Қорғас тас жолындағы бетондардың арасындағы пенопласты алып тастаған
Qaz365.kz коллажы

Журналист Диас Нұрақынның жазбасынан кейін Алматы– Шелек – Қорғас тас жолындағы бетондардың арасындағы пенопласты алып тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Мехметке де жан керек. Кеше кешірмеймін, антикорға арыз жазам деп жатыр еді. Бүгін жалма-жан бетонкадағы пенопластарды алып, үңірейген шовқа қара смола құйып кетіпті. Бетон плиталар деформациялануы керек, жігі қалыпқа келгесін мастика құямыз дегендері қайда? Әлде құралайдың қашуы мен шүріппенің басуы дәл келіп, мен пост жазғанда бетон плиталардың деформациясы орнығып үлгерді ме? 
Осы жанталасуымен-ақ пенопласт тығуға болмайтынын өздері дәлелдеп берді.  
АО "НК "ҚазАвтоЖол" неге тым асығып, кеше ғана ашық жатқан жіктерді бүгін бітеп тастадыңыздар? 

Суретті бүгін ауыл жаққа барған Ербол Азанбек түсіріп алыпты. Енді ары-бері өткеннің бәрі бетонканың кем-кетігін көзге шұқып жүретін болды”, – дейді Диас Нұрақын.

Алғашқы жазбадан кейін журналиске Алматы – Шелек – Қорғас тас жолының учаске басшысы хабарласып, кешірім сұрап, видео түсіруді талап еткен

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →