×

Әлеуметтік желіде ДДСҰ басшысының Тоқаевты өзінің «құдасы» деп атаған видео тарады

ДДСҰ басшысы Тоқаевты өзінің «құдасы» деп атады

Әлеуметтік желіде ДДСҰ басшысының Тоқаевты өзінің «құдасы» деп атаған видео тарады
Фото: Ақорда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өзінің «құдасы» деп атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана декларациясының бес жылдығына және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Алматы декларациясының 45 жылдығына арналған халықаралық конференцияда көптің назарын аудартқан қызықты сәт болды.

 ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өзінің «құдасы», ал Денсаулық сақтау министрін өзінің «құдағиы» деп атады.

«Құрметті құда мырза, Президент Тоқаев. Құрметті министр Ажар Ғиният ханым! Құрметті министрлер, әріптестер, достар! Сөзімді «қайырлы таң» деп бастағым келеді! Қайырлы таң!». Қазақстанға оралу шынымен де үлкен мәртебе. Мен Қазақстанды өз елім деп санаймын және Президент Тоқаевқа және министр Ажар Ғиниятқа алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы көшбасшылық үшін алғысымды білдіргім келеді және осы конференцияны ұйымдастырғаныңыз үшін көп рақмет!» – деді Тедрос Гебрейесус.

ДДСҰ басшысы өзінің келіні қазақ екенін еске салды.

«Келінім қазақ, екі немерем де жартылай қазақ, сондықтан Қазақстан менің бір бөлігім, мен де Қазақстанның бір бөлігімін», – деді ол.

Айта кетейік, Тедрос Гебрейесустың белгілі қазақ айтыскері Жүрсін Ерманмен туыстық байланысы бар. Жүрсін Ерманның немересі Тедростың ұлы Адханом Гебрейесусқа үйленді. Ерлі-зайыптылар екі бала тәрбиелеп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →