×

Әскердегі суицидке кім жауапты

Жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскерилердің өліміне байланысты бірнеше оқиға тіркелді, оның ішінде 4 суицид бар

Әскердегі суицидке кім жауапты
фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі әрбір әскери қызметшінің өліміне жауапты. Бұл туралы министрліктің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев айтты, деп хабарлайды qaz365.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскерилердің өліміне байланысты бірнеше оқиға тіркелді, оның ішінде 4 суицид бар. Көпшілігі мұны әскердегі «дедовщинамен» байланыстырады. Қорғаныс министрлігі бейбіт замандағы әскери қызметшілердің өлімі үшін жауапкершілікті өз мойнына ала ма?», - деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

«Өкінішке орай, Қарулы Күштерде мұндай фактілер болды. Бірақ Қарулы Күштердің де қоғамның бір бөлігі екенін атап өткен жөн. Қоғамда болып жатқан барлық процестер Қарулы күштерде де жүреді. Сіз қазір айтқан мәселе де бар. Бірақ біз нақты анықтауымыз керек: біз Қарулы Күштер құрылымы болып саналамыз, тек Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери бөлімдерге жауап бере аламыз. Бізден бөлек, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Мемлекеттік күзет қызметіне бағынатын әскери бөлімдер де бар», - деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.

Министрліктің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Борамбаев ведомство әскери қызметшілердің қаза болуына жауапты екенін айтты.

«Иә, біз жауаптымыз. Әрбір жағдай марқұмның туыстары мен жақындары үшін ғана емес, барлық Қарулы Күштер үшін де орны толмайтын қайғы. Бұл ретте жауапкершілік төменгі деңгейден Қорғаныс министрлігінің басшылығына дейін бәріне артылады. Сондықтан әр жағдай жеке және ерекше тәртіпте қарастырылатынын түсіну керек. Қарулы Күштер мен басқа әскерлер мен құрылымдар бар. Мерзімді қызмет сарбаздары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, офицерлер бар. Офицерлермен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен байланысты өлім де әртүрлі: ауырып қайтыс болғандар, дол-көлік апатына ұшырағандар бар, өйткені олар қоғамның барлық азаматтары сияқты қызметке келіп, кешке үйіне кетеді. Содан кейін олар қарапайым азаматтар сияқты күнделікті мәселелермен айналысады», - деді Серік Бурамбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
22.11.2024ж. 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →