×

Республика күні Алматыда Мемлекеттік Ту көтерілді

Акция «Медеу» биік таулы кешенінің алаңында өтті

Республика күні Алматыда Мемлекеттік Ту көтерілді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Республика күніне арналған акция аясында «Медеу» биік таулы кешенінің алаңында биіктігі 40 метр Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, қала жастары қатысты.

Республика күніне арналған іс-шара «Медеуде» қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен өткен концертпен жалғасты. Сахнада Мұқасан Шахзадаев, Мақсат Базарбаев, Інжу Әнуарбек, Абай Бегей, Асхат Тарғын және Индира Елемес өнер көрсетті. 

Сонымен қатар, Республика күні Алматыда бірқатар басқа іс-шара ұйымдастырылды:

- Жібек жолы даңғылында, Панфилов пен Бәйсейітова көшелерінің арасында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлерінің қолдан жасалған бұйымдары ұсынылады.

-10:00-ден 18:00-ге дейін Абай даңғылы, 159 мекенжайындағы спорт-жаттығу кешенінде шағын футбол, волейбол және дзюдодан, сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үстел теннисі және қазақ күресінен спорт фестивалі өтеді.

- Сағат 14:00-де «Көктөбе» саябағында «Алматы әуендері» шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Жасай бер мәңгі, Қазақстан!» атты мерекелік концерт өтеді.

- Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 15:00-ден 18:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қазақ күресінен «Өнер барысы» турнирі өтеді.

-Сағат 16:00-де Қазақ мемлекеттік циркінде Республика күніне және атақты клоун және сиқыршы Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдығына арналған бенефис ұйымдастырылады. Акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, эквилибристер, иллюзионистер мен сайқымазақтар шоу-бағдарлама көрсетеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →