×

Аягөздегі төрт бүлдіршіннің қазасы: Аудан әкімі мәлімдеме жасады

Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде

Аягөздегі төрт бүлдіршіннің қазасы: Аудан әкімі мәлімдеме жасады
Коллаж: Qaz365.kz

Аягөз қаласында төрт бала өрт салдарынан қайтыс болды. Аудан әкімі Қанат Әділбай оқиғаның мән-жайын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімнің сөзінше, 2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал келіп түскен. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 ш. м. жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат  11:10-да оқшауланып,  11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.  Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды.  Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде», – деді ол.

Сондай-ақ аудан әкімі жағдайдың жергілікті атқарушы органдарының бақылауында екенін атап өтті.

«Қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғы-қасіреттеріне ортақтасып, көңіл айтамыз», – деді Қанат Әділбай.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →