×

Шымкентте мемлекет бюджетінің 36 млн теңгесі талан-таражға түскен

Бұл туралы Шымкент қаласының Еңбекші аудандық прокуратурасы хабарлады

Шымкентте  мемлекет бюджетінің 36 млн теңгесі талан-таражға түскен
egemen.kz

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық прокуратурасы мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еңбекші аудандық прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылдың 11 наурызында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мен ЖШС арасында «Жерлеу орындарын күтіп ұстау» бойынша келісімшарт жасалған. Сонымен бірге 2021-2023 жылдары Әкім Аппараты пен аталған Серіктестіктің арасында жалпы сомасы 37,9 млн теңгені құрайтын 18 мемлекеттік сатып алу шарттары түзілген. 

Тексеру барысында прокурорлар қарау және орындалған жұмыстардың актілеріне салыстыру жүргізіп, Тапсырыс беруші іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға және жеткізілмеген тауарларға ақы төлеп, оларды қабылдағанын анықтаған.  

“Аудиторлық тексеру қорытындысына сәйкес орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауар сомасы 36,1 млн теңгені құраған.

Осыған орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, оның өндірісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданды”, – дейді прокуратура мәлімдемесінде. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
25.04.2024ж. 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →