×

Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан 36-шы кеншінің денесі табылды

Құтқарушылар 10 кеншіні іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр

Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан 36-шы кеншінің денесі табылды
azattyq.org

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада орын алған жарылыстан қаза тапқан кеншілердің саны 36-ға жетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖ министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 36 адамның денесі табылды, 10 кеншіні іздеу жалғасуда.

«Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда. Кеншілердің барлығын таппайынша, іздеу үзіліссіз жалғаса береді», – деді Қарағанды облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов.

Костенко шахтасында туыстарын күтіп отырғандар бар. Дәрігер жағдайы нашарлаған кеншілердің туыстарының бірін алып кетті.

Еске сала кетейік, кеше, 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Костенко шахтасында апат болып, кеншілер қаза тапқан болатын.

Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барып, қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесіп, көңіл айтты. Олар Президентке жанайқайын жеткізді.

Президент Үкіметке «АрселорМиттал Теміртаумен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →