×

Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді

Министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді

Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді
Фото: Kazinform

Қазақстанда 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 534 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 515 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 717 рұқсат (екінші санат).

Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 332 және 680 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 897 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 393 адам тартылды.

«Қазіргі уақытта елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 529 жұмыс беруші бар. Оларда 471,7 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,9%-і», – делінген хабарламада.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 887 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 637 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 360 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 219 адам, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 896 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 944 адам (27,8%), Өзбекстан – 1 714 адам (12,1%), Үндістан – 1 326 адам (9,3%), Түркия – 1 288 адам (9,1%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →