×

Алматыда «Ақынның асыл мұрасы» конкурсы мәресіне жетті

Конкурс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды

Алматыда «Ақынның асыл мұрасы» конкурсы мәресіне жетті

19 қазан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қолдауымен, «Жастар Үні» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Ұлттық таным» жобасы аясында, дінтанушы тәлімгерлерге қазақ ағартушыларының (Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ыбырай Алтынсарин және т.б.) шығармаларын жатқа оқу және мағынасын жеткізу бойынша «Ақынның асыл мұрасы» атты конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Салтанатты шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Ахилбекұлы Көшеке, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді білім беру институтының Ғылым жөнінен директор-орынбасары, Рhd докторы Алмас Найманбаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, абайтанушы Жабал Шойымбет, ф.ғ.д., проф., шәкәрімтанушы Балтабай Әбдіғазыұлы, Білім беру бағдарламасын дамыту институтының басшысы Бауыржан Айткаримов, «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының төрағасы, фил.ғ. магистрі Абылай Еркінұлы Сайлаухан қатысты.

Конкурс жеңімпаздарына ізгі тілегін жеткізген Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Ахилбекұлы Көшеке өз сөзінде «Ұлттық таным» жобаларының дәстүрлі түрде жүруінің қажеттілігі, жас ұрпаққа маңыздылығын атап өтті. «Білімді һәм тәрбиелі мамандар – мемлекетіміздің басты флагманы, негізін қалаушылары», – дей келе, конкурсқа қатысушыларға пилоттық жобалардың өтуіне белсенді қатысқандары үшін үлкен алғысын білдірді.

 Жалпы конкурсқа Әбу Ханифа медресе- колледжі мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінен конкурс Ережесіне сәйкес деп танылған 20 тәлімгердің жұмыстары қатысты. «Almaty Towers» Бизнес Орталығында өткен Марапаттау рәсімінде конкурс жүлдегерлері мен номинация жеңімпаздары, белсенді қатысушылар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Нәтижесінде, конкурстың 3-орнына Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінен исламтану мамандығының 2- курс студенті Хамитова Шахзада, ал 2-орынға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану мамандығы 4-курс студенті Сұлухан Берікқызы лайық деп танылды.

2023 жылғы «Ақынның асыл мұрасы» конкурсының 1-орын иегері болып, Әбу-Ханифа медресе-колледжінің 3-курс студенті Маратов Әнуар Қайратұлы анықталды.

Сонымен бірге, конкурстың арнайы номинациялары бойынша, «Ыбырай мұрагері» номинациясын Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті теология мамандығының 1-курс студенті Жәукен Боранбай Алдабергенұлы, «Шәкәрім аманаты» номинациясын Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану мамандығы 1-курс студенті Бекмұратов Нұртілеу, «Абай үміті» номинациясын      Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 4-курс студенті Қабылов Мерей иеленді.

Конкурстың салтанатты марапаттау рәсімінің қонақтары мен қатысушыларына арнайы кофе-брейк пен ұжымдық фотолары ұйымдастырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →