×

Алматыда депутаттар қала агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын келісті

Бұған дейін Кешенді жоспарды Алматы агломерациясының жергілікті кеңесі келіскен

Алматыда депутаттар қала агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын келісті

Алматыда VIII сайланым Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс IX сессиясы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі Кешенді жоспарын келісу.

Кешенді жоспар агломерацияның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат аумақтық, әлеуметтік, жол-көлік, инженерлік, экономикалық, экологиялық және цифрлық даму бойынша 16 стратегиялық бағыт аясындағы жобаларды қамтиды.

Өз сөзінде Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин атап өткендей, Кешенді жоспар аясында қала және облыс әкімдіктерінің дамудың негізгі бағыттары бойынша қызметін үйлестіруді көздейді.

«Цифрлық даму бағытында деректер базасын интеграциялау және бірыңғай геоақпараттық жүйені жүргізу жоспарлануда. Бұл агломерацияның картографиялық және қала құрылысы деректерін біріктіруге, қала маңы аумақтарының нысаналы мақсатын бекітуге және т.б. мүмкіндік береді. Алматы қаласының көлік қаңқасын тиімді іске асыру үшін қажетті Алматы агломерациясының бірыңғай көлік моделі әзірленетін болады», – деді Асқар Әмрин.

Ол қала мен қала маңы аймағында қоғамдық көлікті интеграциялау, БАКАД-қа дейінгі 4 радиалды және 7 ішкі магистральдық көшелерді тесу, қала маңындағы теміржол жолаушылар тасымалын дамыту көзделгенін атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу, сондай-ақ қала маңы аймағында жұмыс орындарын құру есебінен әлеуметтік саланы дамытуға бірыңғай тәсіл іске асырылатын болады. Сонымен қатар, бірыңғай жасыл агломерация дәлізі және тағы басқалар құрылады.

Естеріңізге салсақ, Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі Кешенді жоспарының жобасын Алматы қаласы мен Алматы облысының хатшылықтары «Агломерацияларды дамыту туралы» Заңның 13-бабын іске асыру шеңберінде әзірлеген болатын. Бұған дейін Кешенді жоспарды Алматы агломерациясының жергілікті кеңесі келіскен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →