×

Батыс Қазақстандағы Chia Tai Tianging Pharmaceutical қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді

411 азамат жәбірленуші деп танылды

Батыс Қазақстандағы Chia Tai Tianging Pharmaceutical қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
ortcom.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі БҚО бойынша департаменті Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша Chia Tai Tianging Pharmaceutical қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты істі аяқтап, сотқа жіберді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен. Бұл ретте, Chia Tai Tianging Pharmaceutical жеке тұлғалардың ақшасын тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген.

"Жалпы тартылған салымшылардың саны 425 адам, 523 млн теңге сомасына, оның ішінде 490 млн теңгеге жуық сомаға 411 азамат жәбірленуші деп танылды.

Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз", – дейді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес
Бүгін, 10:56

Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес

«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →