×

Өзбекстан никаб кигендер мен көп әйел алуды насихаттағандарды жазалауға көшті

Тиісті заңға Президент қол қойды

Өзбекстан никаб кигендер мен көп әйел алуды насихаттағандарды жазалауға көшті
travelask.ru

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттің зайырлылығын айқындайтын Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген түзетулерді бекітетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Әділет министрлігінің мәліметіне сай, заңнамаға енгізілген түзетулер көп әйел алуды насихаттау, АХАЖ-да ресми неке қимай «никох» рәсімін жасау, гендерлік кемсіту, сондай-ақ қоғамдық орында жеке басын анықтауға мүмкіндік болмайтындай дәрежеде жабық киім кигендерге қолданылатын жауапкершіліктерді қамтиды.

«Екі және одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттау, осы тұрғыда идея немесе үндеу тарату, сондай-ақ мұндай әрекеттерді қолдау 15-тен 30 базалық есептік шамаға (БЕШ) дейін немесе 4,950 миллионнан 9,9 млн сомаға дейін мөлшерде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алумен жазаланады», – делінген Өзбекстан Әділет министрлігінің мәліметінде.

Некесі заңды тіркелмеген адамдар арасында, оның ішінде неке жасына толмағандармен отбасын құру бойынша діни рәсім жасағандарға 15-тен 30 базалық есептік шамаға дейін айыппұл салынады.

Гендерлік кемсітуді насихаттау, әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде жоққа шығару, осы бағыттағы идеялар мен үндеулерді тарату 10-нан 20 БЕШ-ке дейін немесе 3,3-6,6 миллион сум айыппұлмен жазаланады.

Бұдан басқа, жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтіндей бүркеніп киінген адамдардың қоғамдық орындарда болғаны үшін жаза енгізіліп отыр. Осындай әрекет үшін 3,3 - 4,95 млн сум аралығында айыппұл тағайындалады.

Ведомстводан атап өткендей, тиісті өзгерістер заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған
Бүгін, 15:35

Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған

Адвокат сотталушының телефонынан табылған видеоларға назар аударды
Астанада экс-министр Бишімбаев пен оның туысы Байжановқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →