×

Қазақстан Антикоры мен АҚШ Мемлекеттік департаменті активтерді қайтару мәселелерін талқылады

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Антикоры мен АҚШ Мемлекеттік департаменті активтерді қайтару мәселелерін талқылады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Америка Құрама Штаттарындағы әріптестерімен жемқорлыққа қарсы күн тәртібі бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағалидің АҚШ Мемлекеттік департаментінің Есірткімен халықаралық байланыстар және құқық қорғау органдары бюросының кеңесшісі, Азия аймағында бағдарламалар мен жобаларды енгізу саласындағы сарапшы Кайл Оджимамен кездесуі өтті.

Асхат Жұмағали Агенттіктің қызметі және жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етіп, сондай-ақ американдық тараптың жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыруда және ілгерілетуде көрсетіп отырған қолдауының маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, қаржылық тергеу, активтерді қайтару, цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.

Кайл Оджима серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, қол жеткізілген келісімдерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында америкалық тарап Агенттік делегациясын Америка Құрама Штаттарында ағымдағы жылдың желтоқсанында өтетін БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының мерейтойлық сессиясына қатысуға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →