×

Аягөзде төрт бала өрттен көз жұмған үйден ақша ұрланған: Полиция тергеу бастады

Бұл туралы ІІМ хабарлады

Аягөзде төрт бала өрттен көз жұмған үйден ақша ұрланған: Полиция тергеу бастады
ife09.kz

Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 25 қазанында Абай облысының Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде өрт болып, төрт бала көміртегі тотығынан қаза тапты. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде әртүрлі нұсқалар жариялануда, соның ішінде өрт кезінде үйден ақша ұрлау туралы: осы ақпаратты тексеру мақсатында Абай облысы полиция департаменті ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Министрлік сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде оқиғаның мән-жайын және қылмыс жасаған адамдарды анықтау бойынша кешенді шаралар қабылданатынын жеткізді.

«Жәбірленушінің ұрлық туралы арызданбағаны анықталды. Сондай-ақ жәбірленуші полиция мен өртке қарсы қызмет қызметкерлерінен күдіктенбейтінін түсіндірді, керісінше оларға уақытылы көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сонымен қатар полиция департаменті ҚР ҚК 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды», – делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, құтқарушылар төрт баланың денесін тапқаны бұған дейін хабарланып, естіген жұрттың қабырғасын қайыстырған еді. Десе де тас түскен жеріне ауыр. Үлкен қайғыдан әке-шеше әлі ес жия алмай отыр екен. Мұны бізге сол жаққа барып келген «Азаттық» журналисі Нұртай Лахан айтып берген. Қайғылы жайт болып жатқан кезде журналист ол үйден 900 мың теңге жоғалғаны жөнінде әлеуметтік желіде жазба жариялады. Әке мен шеше бұл ақшаны екінші баласының көзіне ота жасау үшін жинаған екен. Qaz365.kz тілшісі Нұртай Лаханмен әңгімелесіп, сол жайлы бірер сұрақ қойған болатын. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →