×

Талдықорғанда бұрынғы жігіті қыздың тамағын тілгілеп тастаған

Жәбірленуші тергеудің әділ өтуін сұрайды

Талдықорғанда бұрынғы жігіті қыздың тамағын тілгілеп тастаған
Коллаж: Qaz365.kz

Жетісу облысында 28 жастағы қызды бұрынғы жігіті тамағын тілгілеп тастаған. Ал полицейлер жәбірленушіні операциядан екі сағат өткен соң жауап алуға алып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, ол ер адаммен бірнеше айдан бері араласып жүрген. Бұған дейін де ұрып-соғу жағдайлары болған. Ер адамды ағымдағы жылдың 4 шілдесінде сот 7 тәулікке қамап, үш айға дейін қыздың жанына жақындамау туралы үкім шығарылған. Алайда қызғанышқа бой алдырған азамат қыздың жұмысына келіп, қол жұмсаған.

Адинаның сөзінше, жұмысына келіп кешірім сұраған азамат, «осымен доғарайық» деген сөзінен кейін бірден жағасына жармасып тұншықтыра бастаған. Сол кезде жақын маңдағы сұлулық салонының қызметкері көмекке дереу жеткен. Ал одан әрі ашуланған азамат кеңсе пышағын алып тамағымнан тілгілей бастаған. Алайда, оның айтуынша, полицейлер ер адамды екі күннен кейін босатып жіберген.

«Тергеуші кейін келді. Тергеу жасады, 293-бап деп тұр. «Бұзақылық» деп шығып тұр. Содан тергеушіге хабарласып, «неге бұзақылық?» десем, «ал сен қай бапты қалап едің?» деп тұр. «Оқиғаның бәрі қоғамдық орында болды. Тек сіз емес, өзге екі адам да зардап шекті» дейді. Және кеңсе пышағы суық қаруға жатпайтынын айтты», – деді Адина Хуанбекқызы.

Бір жарым сағат жансақтау бөлімінде жатқан қыз әбден шошып қалған. Оның айтуынша, талай мәрте қоштасайық деп айтқаныммен, жігіт өзімді өлтіремін деп қорқытып келген. Жетісу облыстық полиция департаменті қазір 35 жастағы күдіктіні қамауға алған.

«Күдіктіні анықтап, ұстады. Оған қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдікті Талдықорған полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК 24-бабының 3- бөлігі, 99-бабының екінші бөлігі, «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қайта дәрежеленді», – деді Жетісу облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Екі баланың анасы Адина Хуанбекқызы қазір бұл істің әділ өтуін талап етіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →