×

Костенко шахтасында қаза тапқан 46-кеншінің денесі табылды

Оны шамның батареясындағы жеке нөмірі арқылы тапты

Костенко шахтасында қаза тапқан 46-кеншінің денесі табылды
ашық дереккөзден

Кеше кешке тау-кен құтқарушылары жуырда апат болған Костенко атындағы шахтадан 46-кеншінің денесін тапты. Оны шамның батареясындағы жеке нөмірі арқылы таныды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кеше кешке Костенко шахтасында тау-кен тазарту кеншісі Прокудин Александр Валерьевичтің денесі табылды. Ол қаза болған 46 шахтерлердің бірі болды. Бұған дейін ТЖМ оның денесінің бір бөлігі табылғанын хабарлаған болатын. Алайда сараптама қажет болды. Сондықтан 46-шы кенші туралы ресми түрде еш хабар болған жоқ.

"6 қараша күні сағат 20:00-де Костенко атындағы шахтадан қаза тапқан 46-шы шахтердің денесі табылып, жер бетіне көтерілді. Қажетті сараптамалар жүргізілді. Іздестіру жұмыстарына "Кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді", – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шахтаның қызметкерлері хабарлағандай, соңғы қаза тапқан кеншіні шамның батареясындағы жеке нөмірінен таныған.

"Іздеу жұмыстары қиын жағдайда жүргізілді. Денені алып шығу өте қиын болды. Оның кеудесінде жеке нөмірі жазылған шамның батареясы болды. Қазір криминалистер жұмыс істеуде. Сараптама жүріп жатыр", – деді Костенко атындағы шахтаның үңгілеу жөніндегі бас инженердің орынбасары Владимир Гоноченко.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →