×

«Бір-бірін қолдай білетін»: 7-8 жастағы дзюдошы балалардың видеосы жүректі елжіретті

Бүлдіршіндер бір-біріне қолдау көрсеткен

«Бір-бірін қолдай білетін»: 7-8 жастағы дзюдошы балалардың видеосы жүректі елжіретті
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде жас бүлдіршіндердің дзюдо залында жарысқа дайындалып жатқан кезде бір-біріне қолдау көрсеткен видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видео көптеген лайк пен пікір жинады. Qaz365.kz редакциясы дзюдо орталығының жетекшісімен байланысқа шықты.

«Атырау қаласында «Barakat» деген дзюдо клубы ашылды. Мен соның негізін қалаушысымын. Видеодағы екі бала біздің шәкірттеріміз. Біреуі басқа залда жаттығады. Бір-бірімен жақсы таныс. Жиі бірге жаттығу жасайды. Олар 2015-2016 жылы туған балалар. Видео Атырау қаласында өткен республикалық турнирде түсірілген. Спорт тек чемпион болу, медаль алумен тұрмайды. Сонымен қатар адамгершілікке де тәрбиелейміз. Соның арқасында бір-біріне бауырмал болып өседі», – деді «Barakat» дзюдо клубының жетекшісі Айтөре Серікболов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →