×

Мирас Төлебаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен

Мирас Төлебаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды
primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мирас Қалиұлы Төлебаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мирас Төлебаев 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Қорғаныс шекара маңы ынтымақтастығы орталығында бас маман болып бастаған.

2009-2010 жылдары – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық ортылығында бас маман, бас менеджер.

2010-2011 жылдары – Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы департаментінің бас сарапшысы, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет басқармасының 1-санаттағы сарапшысы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2012-2014 жылдары – Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялық комитеті басқармасының бас сарапшысы.

2014-2015 жылдары Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары – Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы.

2016-2017 жылдары жекеменшік құрылымдарда жұмыс істеді.

2017 жылы – Елорданы тұрақты дамыту орталығы директорының орынбасары.

2017-2022 жылдары – Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті басқармасының басшысы.

2022-2023 жылдары – Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары.

2023 жылғы қараша айында ҚР Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →