×

Президент көмекшісінен сотталуға дейін: Бишімбаев бұрын не үшін сотталды

9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев «әйелін ұрып өлтірді» деген айыппен ұсталды

Президент көмекшісінен сотталуға дейін: Бишімбаев бұрын не үшін сотталды
Фото: primeminister.kz

Астанада кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 5 жыл бұрын жемқорлық бабымен сотталып, 2019 жылы мерзімінен бұрын босап шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бишімбаевты 2016 жылы Ұлттық экономика министрі қызметінен бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі алып тастаған. Назарбаев Бишімбаевтың «бұрын «Бәйтерек» холдингінің басшысы болған кезде күмән тудыратын істермен айналысқаны» туралы айтқан. 2017 жылдың қаңтарында Бишімбаев холдинг директоры болғанда Қызылорда қаласында салынуы керек болған әйнек зауытының құрылысы кезінде мердігер компаниядан ірі көлемде пара алды және «Бәйтерек» холдингінен ірі көлемде ақша жымқырған қылмыстық топ құрды деген айыппен ұсталған.

Бишімбаев сотта барлық айыпты жоққа шығарып, бұл іске қатысты нақты дәлел жоқ екенін айтқан. 2018 жылдың наурызында сот экс-министрді 10 жылға бас бостандығынан айырған.

2019 жылы қыркүйекте Шымкент қаласы Абай аудандық соты Бишімбаевтың мерзімінен бұрын босау туралы өтінішін қанағаттандырып, қарашада оның бостандыққа шыққаны белгілі болған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті шенеуніктің қамауда болған кезде «жақсы мінез-құлық» көрсетіп, сот тағайындаған «арыз-талапты өтегенін» хабарлаған.

2017 жылдың қаңтарынан бастап есептегенде экс-министр өз мерзімінің, яғни бастапқыда сот тағайындаған 10 жылдың 2 жыл 9 айын түрмеде өтеген.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та білім алып келген Қазақстанның ең жас министрлерінің бірі болған.

  • Қуандық Бишімбаев 2007 жылы Индустрия және сауда вице-министрі болып үлгерген.
  • 2003-2004 жылдары – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі болған.
  • 2004-2005 жылдары – «Маркетинг және аналитикалық зерттеулер орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі.
  • 2005 жылы – «Корпорация Ордабасы» АҚ вице-президенті, «Интеркомшина» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының экономикасы және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасарының кеңесшісі.
  • 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ президенті.
  • 2007 жылы – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.
  • 2009-2010 жылдары – бұрынғы Президент Н.Назарбаевтың көмекшісі, 2013-2016 жылдары «Бәйтерек» холдингінің басшысы, 2016-2017 жылдары Ұлттық экономика министрі болған.

Еске салайық, 9 қарашада Астанада мейрамханалардың бірінде қонақтар арасында жанжал шығып, бір адам қаза тапты. Кейіннен БАҚ-та кісі өлтірді деген күдікпен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды деген ақпарат тарады. Оқиғаға байланысты Астана қаласының полиция департаменті ресми түсінік берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шаин мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес
Бүгін, 10:56

Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шаин мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес

«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →