×

1 млрд теңге ұрлаған: "Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның лауазымды тұлғалары ұсталды

Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

1 млрд теңге ұрлаған: "Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның лауазымды тұлғалары ұсталды
ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазарнаулыэкспорт» басшысының ұсталғанын мәлім етті. Ресми мәлімет бойынша, агенттік бұл әрекетін Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазарнаулыэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады. 

Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген», – делінген агенттіктің баспасөз қызметі берген мәліметте.

Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

«Қазарнаулыэкспорт» РМК-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсету болып табылады», – деп жазылған ресми ақпаратта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →