×

«Басқа әйелі бар»: Қайрат Нұртастың інісінің үйлену тойына Жұлдыз тағы келмеді

Жұлдыз Әбдікәрімова бой көрсетпеді

«Басқа әйелі бар»: Қайрат Нұртастың інісінің үйлену тойына Жұлдыз тағы келмеді
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртастың жексенбіде үйлену тойы өтті. Бірақ бұл тойда жеңгесі Жұлдыз Әбдікәрімова бой көрсетпеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Осымен екінші рет шаңырақ көтерген Заңғардың бұған дейін құдалығын, қыздың ұзату тойын көрген едік. Бұл жолы Алматыда үйлену тойы өтті. Алматыдағы танымал мейрамханалардың бірінде өткен тойға шоу-бизнес әлеміндегі жұлдыздар жиналды.

Той беташармен басталды. Жас келіннің бетін айтыскер Жандарбек Бұлғақов ашты. Сонымен қатар ағасы Қайрат Нұртас та келген қонақтарға ән салып берді. Бірақ жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова тойда бой көрсетпеді. Мұны желідегі видеолардан да байқауға болады.

«Жұлдыздың келмегені дұрыс болды деп ойлаймын. Себебі оның әке-шешесін, яғни үлкен құдаларын ешбір тойларына шақырмайды», «Жұлдыз келмесе, Қайраттың басқа әйелі бар болған ғой», «Өзі келмесе де, балаларды жіберу керек еді», «Қайрат осы үйдің баласы емес, өлең айтып кетуге келген әнші сияқты», «Айттым ғой, Жұлдыз бен Қайрат екі бөлек тұрады. Тек Қайраттың өзі араласады», «Жұлдыз ешбір тойына барған жоқ» деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →