×

Қызылорда облысында алаяқтар шенеуніктерді интим суреттермен бопсалаған

12 мемлекеттік қызметкер алаяқтардың құрбаны болды

Қызылорда облысында алаяқтар шенеуніктерді интим суреттермен бопсалаған
unsplash.com

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлерді суреттермен бопсалаған алаяқтар тобы анықталды. Шенеуніктердің бірі полицияға көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соттың мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желідегі аватарларына сұлу қыздардың суреттерін қойып, жалған парақшалар ашқан. Сонан соң сол қыздың атынан ер адамдармен әңгіме-дүкен құрған. Уақыт өте келе алаяқтар жалаңаш суреттер жіберіп, шенеуніктен де сурет жіберуін сұраған.

Кейін бұл іске банданың басқа мүшелері қосылған, олардың міндеті ақша бопсалау болған. Олар шенеуніктердің суретін көпшілікке жария етеміз деп қорқытып, картасына ақша аударуды талап еткен.

Қызылорда облысында 12 мемлекеттік қызметкер алаяқтардың құрбаны болды.

Тергеуден кейін 11 жәбірленуші ақшасын қайтарып алғаны белгілі болды: олар азаматтық талап қоюдан бас тартты. Жалғыз Б. есімді жәбірленуші кері қайтарылған 500 мың теңгені алмай, бопсалаушыларды сотқа беруге шешім қабылдады.

Сот отырысында сотталушылардың кінәсі дәлелденді, алаяқтар кінәсін мойындады.

Үш сотталушыға қатысты сот үкімі шығып, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарымен кінәлі деп танылды.

Олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ үкімді орындау кезінде жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сотталушылардан 500 000 теңге көлеміндегі залал бірлесіп өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Жетімдерін жылатқан": Қызылорда облысында 154 жетім баланың құқықығы бұзылған
Кеше, 13:00

"Жетімдерін жылатқан": Қызылорда облысында 154 жетім баланың құқықығы бұзылған

Жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету заңдылықтары бұзылған
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы ресми құжатқа қол қойды
Олардан 15 кг-дан астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор тәркіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →