×

Шенеунікке кілем сыйлаған жаттықтырушының басы дауға қалды

Айыпталушы салауатты өмір салтын насихаттағаным үшін құқық бұзушы ретінде жауапқа тартылып отырмын дейді

Шенеунікке кілем сыйлаған жаттықтырушының басы дауға қалды
dzen.ru

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында йога жаттықтырушысы Маргарита Булдаковаға қатысты іс қаралып, шешім шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

21 маусымда «Юность» стадионында Халықаралық йога күні атап өтілген. Марапаттау кезінде Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының сол кездегі басшысы Қаймен Есендияровқа жаттықтырушы йога кілемін сыйға тартқан.

Алайда төрт айдан кейін жаттықтырушыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері шақырып, оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағанын хабарлаған. 

Булдакованың құны 5 833 теңгені құрайтын йогамен айналысуға арналған кілемшені және «Zepter» фирмасының пышақтар жиынтығын сыйға тартқаны анықталды. Алайда келесі күні мемлекеттік қызметкер аталған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз негізде өткізіп берген.

Қаймен Есендияров 2023 жылдың тамызына дейін Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған.

«Сәуір айында Булдакова бізге ресми хатпен хабарласып, шараны өткізу үшін «Юность» стадионын беруді өтінді. Біз келістік. 21 маусымда йога күні кезінде Маргарита Булдакова маған йога төсеніші мен 2 пышақ сыйлады. Стадионда адам көп болды. Бәрі суретке түсіп жатқан кез. Мен тіптен абдырап қалдым. Бәрінің көзінше сыйлықтан бас тарту маған өрескел болып көрінді. Шара біткен соң заң шешсін деп, осы сыйлықтарды өзімнің қызметкерім Аманғалиевке табыс еттім», – деді Қаймен Есендияров.

Айыпталушы салауатты өмір салтын насихаттағаным үшін құқық бұзушы ретінде жауапқа тартылып отырмын деп, сотта көзіне жас алды.

Жаттықтырушы шенеунік сыйлықты сахнада қайтарып беруіне немесе сол жерде басқа біреуге сыйға тартуына болатын еді дейді.

«Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Булдаковаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, 50%-бен 345 мың теңге көлемінде айыппұлды ерікті түрде төлеу үшін күнтізбелік жеті күн берілді», – дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Бүгінде заттар аукцион арқылы сатылған. Аукцион 21 қыркүйекте жарияланып, төсеніш пен пышақ 5 833 теңгеге сатылып кеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →