×

«50 миллион теңге ұсынды»: Асхат Ниязов Даниал Ахметовпен «қарым-қатынасы» туралы айтты

«Обожаю» ютуб-арнасының авторы Асхат Ниязов ШҚО-ның экс-әкімі Даниал Ахметовпен «қарым-қатынасы» туралы айтып берді

«50 миллион теңге ұсынды»: Асхат Ниязов Даниал Ахметовпен «қарым-қатынасы» туралы айтты
Фото: esquire.kz

Журналист Асхат Ниязов «Abay Live» ютуб-арнасына берген сұхбатында Даниал Ахметов жайлы шығарылымдар түсірмеуі үшін оған ақша ұсынылғаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Асхат Ниязовтың айтуынша, оған таныстарының бірі Даниал Ахметовті жайына қалдырса, ақша төлеуге дайын мүдделі тұлғалардың бар екенін айтқан.

Бұл сома Ниязов пен Ахметовтың қарым-қатынасының өршуіне қарай өзгеріп отырған.

«Бұл тура Риддерге барардың алдында, барлық оқиғаның соңына қарай болды. Бұған дейін кейбір әңгімелер болды, мен оларды тоқтаттым, мәселе сомаға дейін жетпеді. Бұл сома қарым-қатынастың өршуіне байланысты өзгеріп отырған-мыс. Біреу достарыма хабарласқан, егер оны (Ахметовты) жайына қалдырсам, 50 миллион теңге береміз деген. Мүмкін бұл ол, мүмкін айналасындағылардың бірі. Маған ешкім тікелей айтқан жоқ, сондықтан мен одан бұл жайлы сұрамадым, себебі шығарылымдар кезінде жинақталған басқа да нақты сұрақтар болды», – деді Асхат Ниязов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →