×

"Artsport" бағдарламасын жүзеге асыру барысында заң бұзушылықтар анықталды

Прокуратура бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады

"Artsport" бағдарламасын жүзеге асыру барысында заң бұзушылықтар анықталды
mk-kz.kz

«Artsport» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілердің бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

“Жүйенің кемшілігі футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген.

Аталған факті бойынша биылғы 30 мамырда аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.

Жекелеген жеткізушілер «Артспорт» жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған.

“Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды (айыппұлдар төленді)”, – делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →