×

«Орны толмас қасірет». Нұрсұлтан Назарбаев інісінің қазасынан кейін үндеу жасады

Экс-Президент көптеген елдің басшыларынан көңіл айту жедел хаттары келіп түскенін айтты

«Орны толмас қасірет». Нұрсұлтан Назарбаев інісінің қазасынан кейін үндеу жасады
коллаж: Qaz365.kz

Экс-Президент  Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың қазасынан кейін халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу – орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Экс-Президент көптеген елдің басшыларынан көңіл айту жедел хаттары келіп түскенін айтып, қолдау білдірген барлық жанға алғысын білдірді.

«Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын», – делінген Назарбаевтың үндеуінде.

Айта кетейік, Болат Назарбаев 13 қараша күні 71 жасқа қараған шағында созылмалы дерттен қайтыс болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →