×

Назарбаев Астанадағы үлкен мешітте інісінің жеті күндік асын берді

Ағасының асына экс-Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева да қатысқаны айтылып жатыр

Назарбаев Астанадағы үлкен мешітте інісінің жеті күндік асын берді
Ашық дереккөздерден

Қазақстанның экс-Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 13 қарашада дүниеден озған туған інісі Болат Назарбаевтың аруағына бағыштап, Астанада ас берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас мешіттегі жеті күндік асқа ұзақ жылдар билікте әртүрлі қызмет атқарған Ахметжан Есімов, Өмірзақ Шөкеев, Қырымбек Көшербаев, Ермұхамет Ертісбаев, Қайрат Мәми, Қайрат Қожамжаров пен Нұртай Әбіқаев, Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаев және тағы басқалар бар.

Ағасының асына экс-Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева да қатысқаны айтылып жатыр. Бірақ әзірге фото-видео жоқ. 

Сонымен қатар Сауытбек Абдрахманов, Мырзатай Жолдасбеков, Бүркіт Аяған секілді қоғам қайраткерлері  де келген. Асты министр, депутат болған Дархан Мыңбай жүргізгені айтылуда.

Айта кетейік, Болат Назарбаев 13 қараша күні 71 жасқа қараған шағында созылмалы дерттен қайтыс болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Бүгін, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →