×

Наполеонның бас киімі аукционда 2 млн еуроға сатылды

Наполеонның қалпағы аукционда 2 млн еуроға сатылды

Наполеонның бас киімі аукционда 2 млн еуроға сатылды
Видеодан скриншот

Француз императоры І Наполеон Бонапарттың қалпағы Франция астанасы аумағындағы Фонтенбло коммунасында өткен аукционда 1,9 млн еуродан астам ақшаға сатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Osenat аукцион үйінің мәліметінше, Француз императоры Наполеон Бонапарт киген танымал қалпақтардың бірі Франция астанасы аумағындағы Фонтенбло коммунасында жексенбі күні болған аукционда 1 932 000 еуроға сатылып, рекорд орнатты.

Қалпақ шамамен 1810 жылдан бері сақталып келеді.

Аукцион үйі сайтындағы ақпарат бойынша, әуелде лот 600-800 еуроға бағаланған.

Ақ-көк-қызыл кокардамен безендірілген, киізден жасалған бас киім Жан Луи Нуазье топтамасындағы Наполеон заттарының ішінде ең қымбатқа сатылды.

Былтыр қайтыс болған француз өнеркәсіп иесі топтаманы жарты ғасырдан астам уақыт жинаған.

Аукционға қойылған басқа заттардың қатарында 1815 жылы Ватерлоо түбіндегі айқаста жеңілгеннен кейін оның күймесінен ұрлап әкетілген күміс тәрелке мен ұстара, күміс тіс щеткасы, қайшы мен басқа да жеке заттары салынған үстел болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →