Динара Зәкиева үндеу жасады
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Екібастұздағы жеті жасар қыздың өлімінен кейін мәлімдеме жасады. Баланың өліміне күдікті ретінде анасы мен оның танысы ұсталған еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Закиеваның айтуынша, биыл елімізде 25 бала көз жұмды, оның алтауы жақын адамдарының қолынан қаза тапқан.
«Бүгін жеті жасар қыздың денесі табылды. Күдікті, яғни баланың анасы кінәсін мойындады. Бұл отбасының басқа балалары балаларды қолдау орталығына орналастырылады», – деді ол.
Оның айтуынша, мұндай қорқынышты оқиғалар көбінесе қиындықтар, алкоголь және ұрып-соғудан басталады.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 70 пайыз жағдайда осы жағдайды көріп, білсе де, үндемей қалады. Балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін фактілерді көрсеңіз, естісеңіз, білсеңіз, 111 немесе 102 нөміріне хабарласыңыз. Әрине, ақпарат тексеріледі, бірақ ол расталса, біреудің өмірін сақтап қалуға болады», – деді Закиева Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ ол кадр тапшылығы туралы айтты.
«Заңдарды қабылдаған кезде біз олардың орындалуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазіргі уақытта 6,8 миллион балаға 303 қамқоршылық қызметкер, яғни бір қызметкерге 22 мың баладан келеді. 5 мың балаға 1 қызметкерден келеді», – деді ол.
Еске салайық, Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Қоянды ауылдық округінде жантүршігерлік оқиға болды. Өз қызын өлтірді деген күдікпен 34 жастағы әйел ұсталған болатын.