×

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуроға өтсін деп шелпек пісіргелі жатқан апа көпшілікті сүйсінтті

Қазақстан футбол құрамасына дұға еткен кейуананың шелпек пісірген видеосы тарады

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуроға өтсін деп шелпек пісіргелі жатқан апа көпшілікті сүйсінтті

Бүгін түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің топтағы соңғы ойынын Словениямен өткізеді. 30 жылдағы қазақ футболындағы ең маңызды тарихи матчқа дұға етіп жатқандар көп. Тіпті, желіде кейуананың шелпек пісірген видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеодан кейуананың Словения мен Қазақстан арасындағы матчта ұлттық құрама жігіттеріне дұға етіп, шелек пісіргенін көруге болады.

«Анамыздың ниетін қабыл етсін!», «Қазақ елі десе жанын беруге даяр апам-ау...», «Апамыз ғұмырлы болсын, қазақ деп соққан жүрегінен айналдық!», «Апа, тілеуіңізді берсін!», «Апамыз Қазақстанның жеңісіне бәс тіккен шығар...», «Осыдан кейін қалай жеңіске жетпейді?», «Бұл кісі менің енем. Өзім футбол қарамайтын адаммын. Тәтемнің құрметіне бүгін Қазақстанға жанкүйер боламын», «Бұйырса, өтеміз», «Жүрегіңнен айналайын, анашым!» деген сарындағы пікірлер көп.

Айта кетейік, Словения — Қазақстан кездесуі 20 қарашадан 21-не қараған түні Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан сағат 01:45-те көрсетіледі. 

Қазақстан Еуро-2024 іріктеу кезеңінің H тобында 9 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр.

Бұл топта Дания 22 ұпай жинап, құрлықтық доданың финалдық сатысына бір тур бұрын жолдама алды.

Ал Словения құрамасының еншісіне 19 ұпай жинаған. Енді екінші жолдама тағдыры Словения мен Қазақстан кездесуінде шешіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →