×

Қазақстан Илон Масктың интернетіне қашан қосылады – Мусин жауап берді

Министрлік Starlink компаниясымен пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр

Қазақстан Илон Масктың интернетіне қашан қосылады – Мусин жауап берді
Коллаж: Qaz365.kz

Кейбір қазақстандықтар Starlink-ті өз бетінше орнатып жатыр. Осыған қатысты Үкіметтің баспасөз қызметінде Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өздеріңіз білесіздер, қазір біз Starlink компаниясымен пилоттық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Осы жоба арқылы 10 ауыл мектебін интернетке қосамыз. Жарты жылдың ішінде екі мың мектеп қамтуды жоспарлап отырмыз. Олардың көбінде интернет өте әлсіз. Секундына 4 мегабит ғана. Мұндай интернет білім беру жүйесін өзгертуге жарамайды», – деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, қазір Starlink интернетін жеке мақсатта пайдалану заңсыз әрі қауіпті.

«Заңнамалық шектеулерге келетін болсақ, олар шынымен де бар. Бұл тек Қазақстанға қатысты емес. Әлем елдері байланыс саласын реттейтін заңнаманы қайта қарауда. Starlink – жаңа коммуникациялық технология.  Бар-жоғы үш жыл ғана болған. Сондықтан телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін жабдықты осы жерге орнату және жергілікті байланыс желілеріне реттеу қажет болды. Бұл инновациялық компания екенін білесіздер. Сол себепті олар тиімділікті арттыру жолдарын іздейді. Ғапыгиа ең жақсы жерсерік аралық қосылымды істеді. Енді қамтамасыз етуге шамасы жететін елдерге тиісті жабдықты орнатудың қажеті жоқ», – деп жауап берді министр.

Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі байланыс саласындағы бақылау басқармасының басшысы Диас Төлегенов  Starlink компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқандарын айтқан. Олар республикада техникалық жұмыстар аяқталмайынша және заңнама өзгермейінше, Қазақстандағы өз терминалдарының жұмысын тоқтататынын жеткізген.

Төлегеновтің айтуынша, Қазақстанда жеке қажеттіліктері үшін Starlink терминалдарын заңсыз сатып алып, орнатып жатқандар бар көрінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →