×

ХАМАС Израильмен келісімге келуі мүмкін

Екі жақ бітімге келуі мүмкін

ХАМАС Израильмен келісімге келуі мүмкін
Фото: "Анадолы" агенттігі

ХАМАС көшбасшыларының бірі, топтың саяси бюросының басшысы Исмаил Хания Израильмен бітімгершілік жақындап қалғанын хабарлады. Тараптар Газа секторының оңтүстік бөлігінде бес күн оқ жаудыруды тоқтату туралы келісімге келуі мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Reuters мәліметінше, келісімнің өтеуі ретінде ХАМАС пен «Ислам жиһады» әскері тұтқынға алған 50 адамнан 100 адамға дейін босатады.

ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөзде Катар бітімгер болып отыр. Катарда ХАМАС саяси тобының кеңсесі орналасқан, ал Дохада Исмаил Хания тұрады.

Бұған дейін АҚШ Президенті Джо Байден тұтқындарды босату туралы келісім жақын арада орнауы мүмкін екенін мәлім еткен.

Дүйсенбі күні араб және ислам елдерінің СІМ Қытайға барып, ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И мырзамен Палестина мәселесін тез арада шешу туралы келіссөз жүрді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →