×

Астана тұрғынынан 10 кг гашиш тәркіленді

Есірткі тәркіленді

Астана тұрғынынан 10 кг гашиш тәркіленді
Фото: ашық дереккөзден

Елордалық полиция қызметкерлері есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында есірткі құралдарын жеткізуге және өткізуге қатысы бар екі адамды анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың бірі – 30 жастағы ер адам. Жеке тінту кезінде одан 10 кг гашиш есірткі заты салынған спорттық сөмке табылып, тәркіленді.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері оның сыбайласының ізіне түсті. Тілендиев көшесінде BMW автокөлігі тоқтатылды. 29 жастағы ер адамнан 205,90 грамм гашиш есірткі заты салынған орам тәркіленді.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен “Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу” сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды.

Астананың полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан бері 218 есірткі қылмысын ашты, оның ішінде 135 өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 265 келі түрлі есірткі тәркіленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →