×

Отбасы банк екінші деңгейлі банктер тізімінен шығарылады

«Отбасы банк» ұлттық даму институтына айналуы мүмкін

Отбасы банк екінші деңгейлі банктер тізімінен шығарылады
Фото: ашық дереккөзден

Мәжілістің жалпы отырысында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Отбасы банк» екінші деңгейлі банктер қатарынан шығуы мүмкін. Оның  айтуынша, банк ұлттық даму институтына айналмақ. Осылайша, мұқтаж қазақстандықтарға баспана беру тәртібі өзгереді.

«Қолданыстағы заңнама бойынша жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйге есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ, тұрғын үйді бөлу және беру бойынша функцияларды жүзеге асырады. Заң жобасы шеңберінде бұл функцияларды «Отбасы банкіне» беру ұсынылған. Бұл ретте азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады. Оны тұрғын үй салу және сатып алу арқылы іске асыратын болады. Осыған байланысты «Отбасы банкін» ұлттық даму институтына айналдыру көзделіп отыр», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Ведомство басшысының сөзінше, «Отбасы банк» берілетін функцияларды орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын болады.

Бұдан бөлек, «Отбасы банкін» екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару да көзделген.

«Сәйкесінше, «Отбасы банк» банктік және басқа да операцияларды тиісті лицензиясыз жүзеге асыратын болады», – деді министр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі және Ұлттық банк «Отбасы банкке» қатысты келесі қадағалау функцияларын сақтайды:

  • қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтарын қорғау;
  • валюталық реттеу және бақылау, қаржылық және өзге де есептілікті алу;
  • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
  • ақша-кредит статистикасын және қаржы нарығының статистикасын қалыптастыру үшін есептілік деректерін жинау;
  • бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және тағы басқа.

«Отбасы банкін» екінші деңгейдегі банктер жүйесінен шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығаруға әкеледі. Осыған байланысты, «Отбасы банкінде» орналастырылған азаматтардың салымдарына мемлекетпен кепілдік беру ұсынылып отыр», – деді Шарлапаев.

Министр жаңа механизмдерге сәйкес жергілікті атқарушы органдардағы бөлек тізімдер (646 мың адам) «Отбасы банкіне» өзгеріссіз берілетінін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →