×

«Өте әлсіз, теңселіп әрең тұрады». Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлап кеткен

Желіде оның хаты жарияланды

«Өте әлсіз, теңселіп әрең тұрады». Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлап кеткен
Фото: bizmedia.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша 4 жылға сотталған журналист және қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жауғашты колониясына кіріп-шыққан адвокаты Айнара Айдарханова оның жеті келідей салмақ тастап, өте әлсіз, теңселіп әрең тұрғанын көрген.

Тіпті серуенге шыққанда талып, құлап қалғанын естіген. Әйгерімнің аштық ұстауының басты себебі сот үкімімен келіспейді. Ал қайсар Әйгерім, қоғамды уайымға салмайын деп, «денсаулығым жақсы» дейтін көрінеді.

Желіде оның хаты жарияланды.

«Баршаңызға сәлем! Халдарыңыз қалай? Аман-есенсіздер ме? Алдымен баршаңызға алғыс айтқым келеді. Көзқарасымыз бөлек азаматтардың өзі қолдағаны көңіліме үміт ұялатты. Әділетсіздікті көре тұра сырт айналып, үндемей қоя салсаңыздар болар еді, әсіресе қазіргі жағдайда. Сол үшін бізді қолдаған әрбір азаматқа алғысым шексіз», – деп жазылған хатта.

Ол өз жағдайы жақсы екенін, аштық жариялағанына небәрі 8 күн болғанын айтқан.

«Денсаулығым жақсы. Көңіл күйім де жаман емес. Алда енді Жоғарғы сот. Кассациялық шағымды жазуға кірісеміз. Бұл мен үшін формальность. Себебі, Жоғары сотта бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдыратынына сенімдімін. Біздің мақсат – халықаралық сотқа жету. Толық ақтағанша тоқтамаймыз! Бәріңіздің бетіңізден сүйдім», – деп жазған Әйгерім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →