×

«Өзге фамилиялар аталмады»: Антикор Әлия Назарбаеваның тергеуге неге шақырылмағанын түсіндірді

Антикордың ресми өкілі жауап берді

«Өзге фамилиялар аталмады»: Антикор Әлия Назарбаеваның тергеуге неге шақырылмағанын түсіндірді
Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов өткізген баспасөз брифингінде тілшілердің бірі «ӨКМ операторына» қатысты сот отырыстарына Әлия Назарбаеваның неге шақырылмағанын сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

17 қараша күні «ӨКМ операторы» ісі бойынша экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның бұрынғы үй қызметшісі Шынар Мұқтароваға қатысты сот шешімі шығып, ол 7 жылға шартты түрде сотталған болатын. Ол 2018 жылы утилизация алымы жинағынан 920 млн теңге мөлшерінде заңсыз дивиденд алды деп айыпталды.

Оның алдында шілдеде Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бас директор Светлана Короткенко және қаржы директоры Рустем Темірбекке қатысты сот шешімі шыққан. Олар қамауға алынды.

Ал “ӨКМ операторының” құрылтайшысы болды делінген Әлия Назарбаеваның өзі ешқашан сот процесіне шақырылған емес.  

«Тергеу жүргізу барысында қылмыстық процеске қатысушылардың ешқайсысы бұл адамның «ӨКМ операторы» ісіне қатысын айтқан жоқ. Сот процесі кезінде, мүмкін, айтқан шығар. Бірақ тергеу барысында өзге фамилиялар аталмады», – деді Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
30.06.2025ж. 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →