×

«Аңдамай сөйлеп, 17 миллион теңге айыппұл арқалауға болады»: Әуежайда тыйым салынған сөздер жайлы қазақстандықтар біле ме

Тыйым салынған сөздерді айтқаны үшін 17 миллион теңге айыппұл арқалауға болады

«Аңдамай сөйлеп, 17 миллион теңге айыппұл арқалауға болады»: Әуежайда тыйым салынған сөздер жайлы қазақстандықтар біле ме
Фото: kapital.kz

Әуежайда аңдамай сөйлеп, айыппұл арқалау қаупі бар, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әуежайда тыйым салынған сөздерді айтса, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына дейін көзделген. Қамамаса да, қосымша тінтуге тап болып, ұшақтан қалып қою қаупі бар.

«Террорист», «терроризм», «террор», «бомба» деген сөздерді әуежайда айтуға болмайды. Егер осы актіге қатысыңыз болмаса, мейлінше айтпау керек. Мұны терроризм актісі бойынша жалған ақпарат беру деп атаймыз. Кейбір адамдар «жүгімде бомба бар» деп әзілдеп жатады, бірақ бұл әзілдің арты қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін көбісі білмейді», – деді Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі Тойгүл Жұбанісова.

Тілшілер әуежайдағы адамдардан тыйым салынған сөздер жайлы сұрап көрді. Олардың көбі аталған сөздер жайлы білмейтін болып шықты.

«Ұшақпен ұшып жүргеніме екі жыл болды, бірақ бірінші рет естіп тұрмын», «Білмейді екенмін», «Жоқ, естімеппін» деп жауап берді олар.

Ал полицейлердің айтуынша, биылдың өзінде тыйым сөздерді айтқаны үшін Астана әуежайында 41 рет дабыл қағылған, оның ішінде 29 жолаушының кінәсі дәлелденіп, іс сотқа жолданған.

Сондай-ақ жолаушылардың ұшаққа алып өте алмайтын заттарының тізімі бар. Мысалы, су мен әтірді 100 миллилитрден артық алып өтуге болмайды және баланың ойыншық тапаншасымен бортқа кіруге рұқсат жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Кеше, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →