×

«Тоқаев келеді деп Бородулихадағы ойдым жолды асығыс жөндеген»: Әкім кім екенін айтты

Бородулихадағы ойдым жолды жөндеген азамат кім екені анықталды

«Тоқаев келеді деп Бородулихадағы ойдым жолды асығыс жөндеген»: Әкім кім екенін айтты
стоп-кадр

Биыл маусымда Семейде орман өртенгенде жергілікті шенеуніктердің Президент келеді деп, Бородулихадағы ойдым-ойдым жолдарды асығыс жөндеген видеосы тараған болатын. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ол кім екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бородулиха ауданының бір жанашыр инвесторы екен. Мен оны таптым. «Мұны не үшін салып жатырсыз?» деп сұрағанмын. Сонда Қазақстан халқы жаппай біздің ауданға көмектесіп жатқанын білесіз, сол кезде қалыспай жолды жөндеп қоймақшы болдым дейді. Ешкім тапсырма бермеген. Ол шешімді өзі қабылдаған», – дейді Нұрлан Ұранхаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол кезде мұны естіп, кінәлілер жазасын алатынын айтқан еді.

«Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады», – деді ол.

Еске салайық, биыл маусымда «Семей орманы» резерватында болған алапат өрт салдарынан 15 адам қаза тауып, 60 мың гектар орман өртеніп кеткен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Бүгін, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →