×

Талдықорғанда мас күйінде көлік жүргізген қыз жүктімін деп сотты алдап, жазадан құтылмақ болған

Жалған құжатты пайдалану арқылы сотты алдау фактісі прокурорлық тексеріс барысында анықталды

Талдықорғанда мас күйінде көлік жүргізген қыз жүктімін деп сотты алдап, жазадан құтылмақ болған
polisia.kz

Талдықорғанда көлікті мас күйде айдап, жүктімін деп алдаған қызға қатысты қылмыстық тергеу басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жақында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған Талдықорған қаласының 24 жастағы тұрғыны сотқа жүктілігі туралы жалған медициналық анықтаманы ұсынған. Осылайша, бойжеткен әкімшілік құқық бұзушылық үшін Қазақстан заңнамасында көзделген жазадан құтылмақ болған. Жалған құжатты пайдалану арқылы сотты алдау фактісі прокурорлық тексеріс барысында анықталды.

Айта кетейік, жақында патрульдік полиция қызметкерлері қатты мас күйінде Haval көлігін басқарған 24 жастағы қызды ұстаған. Медициналық сараптама қыздың мас болғанын растады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Бұл баптың санкциясында 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған. Алайда сотта ол қамауға алу түріндегі жазадан құтылу мақсатында жүктілігін растайтын медициналық анықтаманы ұсынды.

Әкімшілік жазадан жалтару әрекеті қыздың жағдайын одан әрі қиындатып жіберді, енді ол қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол бап бойынша аса ірі көлемдегі айыппұл салу, түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмысқа тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →