×

Алматы облысында әйел несиесін төлеу үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болған

Шымкентте де жаңа туған нәрестені саудалаудың тағы бір фактісі тіркелді

Алматы облысында әйел несиесін төлеу үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болған
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған баланы сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Облыстың 24 жастағы тұрғыны жүктіліктің жетінші айында әлеуметтік желіде баланы сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушыларды іздеумен айналысқан. Соңында ол балалары жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасаған. Сатып алушы тарап әйелдің несиелік қарыздарын өтеп бермек болған. Бұл факт «Кәмелетке толмағандар саудасы» бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ Шымкентте де жаңа туған нәрестені саудалаудың тағы бір фактісі тіркелген.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жас әйелдің өз баласын сатпақ болып, сатып алушыларды іздеумен айналысқанын анықтады. Ол делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан. Факт Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала сәбилер үйіне орналастырылды. Күдікті қамауға алынды», – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді
Бүгін, 15:37

Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді

Дрондар шоуы 25 қазанда Абай және Астана алаңдарында өтеді
Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістер қымбаттайды.
Журналист вице-премьерден қызметтегі амбициясы туралы сұрады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →